33 жастағы Жаклин Эйд Хеллоуин күні Omaha's Henry Doorly Zoo хайуанаттар бағына күзетшілерге білдіртпей кіріп кетті. Сол кезде жыртқыш оның қолынан тістеп алды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген Эйдтың қатты жараланған саусақтарын сақтап қалды.
«Ауруханада Эйд қызметкерлермен дөрекі сөйлескен. Ол мас немесе есірткіге елтіген болуы мүмкін», - деп нақтылады полицияның өкілдері. Олар хайуанаттар бағына Жаклинмен бірге тағы бір адам кіргенін, бірақ ол жолбарыстың торына кірмегенін айтты.
Хайуанаттар бағының атқарушы директоры Деннис Пэйт осы оқиғадан кейін мекеме басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейткенін айтты: аумақты жарықтандыру жақсартылып, бақылау таспаларының саны көбейтілген, ал зообақ кіреберістеріне компьютерлендірілген құлыптар салынды, деп жазады Лента.ру.