саудаға шығарды. Бұл туралы сейсенбі күні ИТАР-ТАСС-тың тілшісіне Heritage Auctions-тың қоғаммен байланыс бойынша директоры Ной Флайшер хабарлады. «Сейсенбі күні басталып, бейсенбіде аяқталатын саудада Ньюманның коллекциясындағы 150 мемлекеттен жиналған 1,9 мыңға жуық монета таныстырылады», - деп атап өтті Флайшер.
Heritage Auctions өкілінің сөзіне қарағанда, Миссури штатының бұрынғы адвокаты қазір жасы 102-ге келген Эрик Ньюман коллекция жинауды 1930 жылдары бастап, ол үшін 7,5 мың доллар көлемінде ақша жұмсаған.
Қараша айында Нью-Йоркте өткен саудада нумизматтың коллекциясындағы Американың 1,8 мың монетасы 23 млн. долларға сатылған, осыған ұқсас басқа бәсаудалар да сәтті өтті.