Херсон Асеведо «Қайрат» командасының ойыншысы атанды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Чили құрама командасының бұрынғы ойыншысы, 28 жастағы орталық жартылай қорғаушы Херсон Асеведо «Қайрат» командасымен келісім-шарт жасасты. Бұл туралы бүгін Sports.kz порталы мәлім етті.

Айта кетелік, бұған дейін Герсон Элиас Асеведо Рохас өз елінде «Коло-Коло», «Унион Эспаньола», «Пуэрто-Монтт» және «Антофагаста» командалары және Екатеринбордың (Ресей) «Урал» және Саранскінің «Мордовия» командалары сапында өнер көрсеткен.

Ұлттық құрама сапында 2011 жылы Мексика құрамасымен болған матчта ойнады.

Transfermarkt.de сайтының хабарлауынша, Асеведоның трансферлік құны 3 миллион еуроны құраған.