«Хезболла» жетекшісі Сауд Арабиясын Бейруттегі Иран елшілігі жанында болған лаңкестікке қатысы бар деп айыптады

ӘБУ-ДАБИ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ливандағы «Хезболла» қозғалысының көшбасшысы Сауд Арабиясын бір ай бұрын Бейруттегі Иран елшілігі жанында болған лаңкестік оқиғаға қатысы бар деп айыптап отыр.

Ливанның «ОТВ» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде «Хезболла» көшбасшысы, шейх Хассан Насралла бірінші рет ашық түрде Сауд Арабиясын аймақтың мұсылман шейіттерін өздеріне тартуда деген айып тақты.

«Аль Каида» лаңкестік ұйымымен байланысы бар Исламдық топ ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойындарына алды. Сол кезде Иран елшілігінде 23 адам құрбан болды. Олардың арасында бір Иран елшісі мен қауіпсіздік қызметінің алты қызметкері бар. Лаңкестер бұл әрекеттерін «Хезболла» мен Иранның Сириядағы қақтығысқа қатысуына жауап деп отыр.

Шейх Насралла өз мәлімдемесінің Сауда Арабиясы арнайы қызметтерінің Бейрутте болған екі жарылыста лаңкестерге көмектесіп, қолдау көрсеткенін дәлелдейтін айғақтар негізінде жасалғанын айтты.

Осы уақытта, Ливандағы Триполи қаласының қауіпсіздік мәселесі қиындап барады. Бұл аймақта Сириядағы бүлікшілерді қолдаушы суннит топтары мен алавиттерден тұратын Араб демократиялық партиясының тәртіп сақшылары қырқысуда. Триполидағы қақтығыстардың салдарынан ағымдағы жылы жүзден астам адам құрбан болды.