«Союз МС-09» кемесіндегі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталды. ХҒС экипажы қазір әдеттегі кестемен жұмыс істеп жатыр. Енді тек қысымды бақылап отыру қажет», - деді агенттіктің дереккөзі.
27 тамызға қараған түні ХҒС бортына ауа кіріп, қысым төмендеген еді. Кейін бұл оқиғаның «Союз» кемесі бортында екі миллиметр тесік салдарынан болғаны анықталды.
Сол күні кешкісін ресейлік ғарышкерлер тесікті герметикамен бекітіп, станса бортындағы қысымды қалпына келтірген. Осыған байланысты Ұшуды басқару орталығы жұмысты 28 тамыз күні таңға дейін тоқтатуды ұйғарды. Келесі күні оның үстін тағы бір қабат герметикамен жапқан.
Фото: NASA