Бірер сағат бұрын Байқоңырдағы мемлекеттік комиссия ХҒС-қа ұшатын «Союз ТМ-07» ғарыш кемесінің негізгі және қосымша экипажын бекітті.
«Союз МС-07» кемесінің негізгі экипажы құрамында - МКС-54/55 ұзақ экспедициясының мүшесі, Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи бар. Олардың дублерлері - ресейлік ұшқыш Сергей Прокопьев, ESA астронавты Александр Герст және NASA астронавты Джанетт Эппс.
Ғарышкерлер Рождество мен Жаңа жылды орбитада қалай тойлайтындарын айтып берді.
«Біздің жаңажылдық шыршамыз бар, «Драгонмен» тағы жеткізеді. 25 желтоқсанда және 31 желтоқсанда ашыңдар деп жазылған сыйлықтарымыз да бар. Біз Жаңа жылды 16 рет қарсы алмақпыз, мерекені тойлауды Гринвич бойынша таңғы сағат 10-да станцияда бастаймыз. Бірінші Жапония болмақ», - деді Антон Шкаплеров.
«Союз МС-07» АӨК-ні ұшыру ертең, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңында, жергілікті уақытпен 13 сағат 21 минутқа жоспарланған.