«Союз» кемесінің қонуы қалыпты жағдайда өтті. Ауа райы ашық болып, құтқарушылар жұмыстарын ойдағыдай атқарды. Барлық адамдар әлі күнге дейін кеме қонған жерде жұмыс жүргізуде. Ғарышкерлер сыртқа шығарылып, алғашқы медициналық тексеруден өтіп жатыр», - деді ТАСС агенттігіне іздеу-құтқару жасағының бастығы Георгий Мелехов.
Г.Мелеховтың мәлімдеуінше, екі ғарышкер - америкалық Скотт Келли мен ресейлік Михаил Корниенко - жоспарланғандай капсуладан өз еріктерімен шыға алмады. Оларды сыртқа құтқарушылар алып шықты. Ғарышкерлерді Жезқазған қаласының әуежайында қарсы алуға әзірленуде.
Экспедиция ХҒС-да ең ұзақ жұмыс істеген мерзімнің бірі болды. Корниенко мен Келли станасада 340 тәулігін өткізді. Ғарышта ең ұзақ болып, рекорд орнатқан ғарышкер ресейлік Валерий Поляков. Ол 90-шы жылдардың ортасында «Мир» стансасының бортында 437 күн болған.
ХҒС-ға кезекті экспедицияға ұшырылым 19 наурызда болады. Оның құрамында ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка, сондай-ақ НАСА астронавты Джеффри Уильямс бар.