ХҒС-нан Жердің айналуының онлайн-трансляциясы жүргізіледі

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Жақын арада ғаламтор пайдаланушылары Жердің онлайн режимде айналуын бақылай алады. «Российская газетаның» хабарлауынша мұндай мүмкіндікті жүзеге асыруды UrtheCast компаниясы қолға алмақ. Яғни, олар жер орбитасына екі камера жіберген. Енді олар арқылы біздің планетамызда қазіргі уақытта болып жатқан бейнелерді тікелей көріп отыруға болады.

Әрбір камера 1 жарым сағат ішінде Жерді айналып шығады. Осылайша, бір күн ішінде онлайн көрермендер 16 рет Жерді ғарыштан және түрлі құрлықтағы күн мен түннің алмасуын көре алады.

UrtheCast өкілдерінің айтуынша, камералардың жоғары мүмкіндіктеріне сәйкес, тек ірі ғимараттарды ғана емес, сонымен бірге, автокөліктер мен топтасқан адамдарды көруге мүмкіндік бар. Әрбір камера күн сайын Жерге 200 гигабайт бейне түсірілім жіберіп отырады, деп хабарлады «Сегодня.ua» сайтынан.