МКС-45/46/ЭП-18 экипажымен «Союз ТМА-18М» көліктік басқарылатын кемені ұшыру 2015 жылдың 2 қыркүйегіне жоспарланған.
«Кешенді емтихан жаттығулары 6 және 7 тамыз күндері өтеді», - деп хабарлады ҒДО-нан.
Жаңа миссиядағы негізгі экипаждың құрамында Ресейғарыш ғарышкері Сергей Волков, Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) астронавты Андреас Могенсен және Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетов бар. Оларға Ресейғарыш ғарышкерлері Олег Скрипочка мен Сергей Прокопьев, сондай-ақ ЕҒА астронавты Тома Песке дубляж жасайды.
Экипаждардың жаттығулары кезекпен "Союз ТМА-М" көліктік басқарылатын кеменің жаттығу құрылғысында және келесі күні ауысумен ХҒС-ның ресейлік сегментінде өткізіледі.