Баллистикалық-навигациялық қамтамасыз ету қызметінің есебіне сәйкес ХҒС-та ең алғашқы Жаңа жылды 31 желтоқсанда 15.24-те қарсы алады. Бұл сәтте станса Жаңа Зеландияның оңтүстік-батысына қарай ұшады. Одан әрі 2017 жылғы 1 қаңтарда ғарышкерлер мен астронавтар Калифорния штаты (АҚШ), Фолкленд аралдары, Фиджи аралы, Беларусь аумағында бір-бірін жаңа жылмен құттықтай алады.
17:49, 31 Желтоқсан 2016
ХҒС-тағы ғарышкерлер Жаңа жылды 16 рет қарсы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрамында Беларусь тумасы Олег Новицкий бар ХҒС миссиясының экипажы орбитада 16 рет Жаңа жылды атап өтеді. Дәл сонша рет Халықаралық ғарыш стансасы 2017 жыл басталған сағат белдеуін кесіп өтетін болады. Бұл туралы ресейлік Ұшырылымды басқару орталығына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.