ХҒС ұшырылым кестесі «Союз МС-02» ұшуды кейінге қалдырғаннан кейін түзетілетін болды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Ұшырылуы 2016 жылғы 23 қыркүйекке жоспарланған «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кеменің техникалық ақауы туралы материалды қараған комиссия ұшырылым күнін өзгерту және себептерін анықтағанға дейін қажетті шараларды жалғастыру туралы шешім қабылдады, содан кейін ХҒС-ға ұшырылымдар кестесі түзетілетін болады, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі.

Рсокосмос 2016 жылғы қыркүйек-желтоқсанда Халықаралық ғарыш стансасы бағдарламасы бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырылымды жүзеге асыруды жоспарлаған.

2016 жылғы 23 қыркүйекте «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кемемен «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшыруды белгілеген, 20 қазанда «Прогресс МС-04» көліктік жүк кемесімен «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған. Ал 16 қарашада ХҒС-қа «Союз МС-03» ғарыш кемесімен кезекті экипаж жеткізілуі тиіс болатын.

Қазір Роскосмос кәсіпорнының мамандары «Союз МС-02» сынақ жүргізіп, тестілеуден өткізуде. Бекітілген ұшырылым кестесіне сәйкес зымыран-ғарыш саласының мамандары жоспарлы режімде «Союз МС-03» дейындау жұмыстарын жалғастырады, - деп атап өтеді баспасөз қызметінде.

Бұрын хабарланғандай, «Союз МС-02»   кемесінің ұшырылымы техникалық себептермен  23 қыркүйектен 2016 жылғы 1 қарашаға ауыстырылды.