ХҒС ұжымы швейцар сағаты тәрізді жұмыс істеуде - Айдын Айымбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ХҒС экипажы мүшелерімен өткізілген телеконференция барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Менің арманым орындалды, мен Жер орбитасындамын, ауызбіршілігі жарасқан ұжыммен, швейцар сағаты тәрізді жұмыс істеудеміз»,-деді біздің ғарышкер.

Сондай-ақ, Астанада жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берген А. Айымбетов балалардың ғарышқа ұшуға деген үлкен тілегі барлығын және олардың арманы іске асуы мүмкін екендігін атап өтті.

«№6 дастарқан» жайлы қойылған сұраққа Айдын Айымбетов қазақтың ұлттық тағамдары, әсіресе, «Жігіт» кеспе сорпасы, ірімшік пен құрт ғарышкерлерге қатты ұнағандығын атап өтті.