Оның мәліметтеріне қарағанда, Гротендик 13 қараша күні француз Пиренеясындағы Сен-Жирон қаласының госпиталінде соңғы күндерін өткізген. Ұлы математик Германияда еврей отбасында дүниеге келген. Соғыстан кейін ол Монпельедегі университетті бітірген. 1971 жылы француз азаматтығын алған. Математик өзінің жаңашыл идеяларымен және алгебралық геометрияға, сандар теориясына, категориялар теориясы және гомологиялық алгебраға қосқан зор үлесімен танымал. Гротендик Филдс (1966) медалімен, Крафорд (1988) сыйлығымен марапатталған, бірақ ол бұл сыйлықтан бас тартқан.
18:13, 15 Қараша 2014
ХХ ғасырдың белгілі математигі көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда 86 жасқа қараған шағында ХХ ғасырдың белгілі математик ғалымдарының бірі Александр Гротендик өмірден өтті, деп хабарлады Le Monde газеті.