«ХХІ ғасырдың алтын адамы» - Сізді, Нұрсұлтан Әбішұлы, кездестіретініме сенемін»
10:52, 10 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына келіп түсіп жатқан хаттар мен жеделхаттардың арасында Елбасының мерейтойы мен Астана күніне арналған құттықтаулар көп, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Әбішұлын Алматы облысынан Югайлар отбасы, Астанадан Ардақ Құбашев пен Томирис Мұхитова, Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан Гүлнәр Нұрділләқызы, сондай-ақ Ернар Оразалин, Хатшыбек Әбдіхалықов, Жантас Раштановтар құттықтады.
«Мен ғажайыпқа сенемін. Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сізді біздің туған күнімізге қонаққа шақырамын. Мынадай таңғажайыпты елестетіп көремін: кенет есік ашылады да, Сіз кіріп келе жатасыз! - деп жазады 6 шілде күні 10 жасқа толған Диана Бурова. - Мен де өзімнің алтын адам туралы ертегідегі сүйікті кейіпкерім Соня секілді «ХХІ ғасырдың алтын адамы» - Сізді, Нұрсұлтан Әбішұлы, кездестіретініме сенемін».