ХХІ ғасырдың болашағы Азияда
18:16, 17 Қазан 2013
АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазір әлемге кәрістер электроникасын, қазақ пен орыс мұнайын, ал америкалықтар долларын экспорттап жатыр. Бұл туралы "Альпари" компаниясының Талдау департаментінің директоры Александр Разуваев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«АҚШ экономикасының ахуалы әлі де біршама жақсы. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасындағы Кеден одағының экономикасын онымен салыстыруға болмайды. Ол ешқашан АҚШ пен Қытайдай мықты болмайды», - дейді А. Разуваев. Оның айтуынша, ХХІ ғасырдың болашағы Азияда. Оның әлеуеті өте зор.