Хильберто Рамирес: Головкин екеуміз айқасқа дайынбыз, жекпе-жекті ұйымдастырайық

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша екінші орташа салмақтағы әлем чемпионы Хильберто «Зурдо» Рамирес Fino Boxing берген сұхбатында Геннадий Головкинмен рингте кездесуге дайын екендігі туралы тағы да еске салды, деп хабарлады Sports.kz.

- Геннадий Головкин - танымал есім. Ол сіз туралы сұхбаттарында көп айтып жүр.  Сізге онымен жекпе-жек өткізу қызықты ма?

- Иә, әрине мен үшін де, ол үшін де және осындай жекпе-жекті күтіп жүрген адамдар үшін де қызықты деп ойлаймын.Мен де, ол да қарсы емеспіз - ендеше жекпе-жекті өткізейік.

- Оның салмағы 160 фунт, сіздікі - 168. Онымен осы 160 келі салмақта шығуға келісесіз бе, әлде оған салмақ қосуға тура келе ме?

- Жоқ, ол 168-ге көтерілгісі келетінін және нағыз мексикандықпен шайқасуға дайын екенін   айтқан, сондықтан мен екі қолымды көтеріп «Бәрекелді, жекпе-жек болсын» деп айттым»!