Клинтон Трамптың инаугурация рәсімінде дәстүрді сыйлайтындықтан қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ, ол жаңа президенттің инаугурациялық сөзін ақ расистерге үндеу ретінде сипаттады.
2016 жылы сайлауда Демократиялық партияның үміткері болған Хиллари Клинтон президенттікке қайта сайлауға түсуге ниетті емес екендігін мәлімдеді. Бірақ бұл оның саясаттан кететіндігін білдірмейді.