Хиллари Клинтонның анасы қайтыс болды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның анасы Дороти Родэм сейсенбі күні 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды,

деп хабарлайды Утро.ру.

Клинтон отбасының мәлімдемесінде Д.Родэм жақындары мен туыстарының алдында дүние салды деп айтылған. Анасының халы ауырлаған соң Хиллари Клинтон осының алдында шетелге жоспарлап отырған барлық іс-сапарларын кейінге қалдырды деп хабарланған.