Хиросима мен Нагасаки 2020 жылғы Олимпиаданы өткізуге ниетті

АСТАНА.  Қазанның  12-сі. ҚазАқпарат - 1945 жылы  атом  бомбасынан  зардап   шеккен     жапондық   Хиросима мен Нагасаки  қалалары  2020   жылғы жазғы  Олимпиада  ойындарын өткізуге  бірлесіп  өтініш бермек.

Екі  қаланың мэрлері   баспасөз мәслихатында  мәлім өткендей,    Олимпиаданы өткізуге  өтініш  беру  жөніндегі бірлескен комитет  құрылады. "Олимпизм   ядролық қарудан   бас тартудың    және   бүкіләлемдік     бейбітшіліктің символы,  сондықтан да  біз    осынау    бастамаға ниет етіп отырмыз»,  деп  мәлім етті  Хиросима  мэрі Тадатоси Акиба  өз  мәлімдемесінде. 

2020 жылғы Олимпиаданы өткізуге,    Хиросима мен Нагасакиден  басқа,   Ыстамбұл, Будапешт және  Нью-Дели қалалары  да  ниет білдіруде.   2020 жылғы ойындардың  елордасы  2013 жылы  анықталады.

Халықаралық  олимпиадалық комитеттің  регламенті  бойынша,  Олимпиада  ойындарын өткізуге    бір  елден бірнеше  қала    таласа алмайды,  бірақ  Хиросима мен Нагасаки өздері үшін    жеңілдік  жасалады  деп үміттенуде.