Бұл туралы жексенбіде музей әкімшілігі хабарлады.
Музейдің 70 миллионыншы келушісі Кусацу қаласынан (Сига префектурасы) келген бойжеткен атанды, ол музейден кәдесый алды. Музейдің директоры Кендзи Сига Жапония тұрғындарының да, шетелдік туристердің де экспозицияға деген қызығушылығының артып жатқанын атап өтті. «Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарға ядролық қарудың қандай қауіпті екенін айтуды жалғастырамыз», - деп атап өтті ол.
Қазіргі таңда музейде ірі жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, ол алдағы жылдың күзінде аяқталады.