Хирургтер саусақтары ағаш бұтағындай өсіп кеткен ер адамға ота жасады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хирургтер қол саусақтарының орнына ағаш бұтағындай өскін өсіп кеткен Бангладеш тұрғынына ота жасады. Оның қолын қалпына келтіру үшін әлі алда бірнеше ота жасау керек болады.

Бангладеш тұрғыны Абул Бажандраның қолына ағаш бұтағындай өскін өсіп кеткендіктен тұрғындар оны «ағаш» деп атайды. Ота жасау тым қымбат болғаннан кейін ол 25 жыл бойы ақша жинау үшін осындай халде жүруге мәжбүр болады. Алайда отағасы қолы икемге келмей, өскіндері өсіп кеткендіктен жұмысынан шығып қалды. Ол жүргізуші болып жұмыс жасайтын еді. Алайды соңғы екі жылда ол көлік жүргізбек түгілі, өздігінен тісін тазалай алмайды. Тіпті оның аузына өзгелер ас салады.

Абула Бажандраның оқиғасын естіген Дакки хирургтері оған тегін ота жасауға ұсыныс білдірді, деп жазады шетелдік БАҚ.