— Төтенше қызметтер қатысқан оқиға болған 4-терминал жабылды, — делінген америкалық X компаниясының парақшасында жарияланған мәлімдемесінде.
Жолаушыларға 4-терминалға бармау ұсынылды. Әуежайдың 1, 2, 3 және 5-терминалдарының қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.
— Өрт сөндірушілер Хитроу әуежайында қауіпті заттың болуы мүмкін деген жағдайға байланысты әрекет етіп жатыр. Жұмыс жүргізу үшін арнайы топ құрылды, — делінген Лондон өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесінде.
Оқиғадан кейін әуежайда шамамен 20 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.
Ұлттық теміржол қызметі пойыздардың 4-терминал станциясында тоқтамайтынын жариялады.
Әлемдегі ең жүктемесі көп әуежайлардың бірі саналатын Хитроу әуежайының 4-терминалы кейбір еуропалық және ұзақ қашықтыққа ұшатын рейстер үшін транзиттік нүкте болып табылады.
Айта кетелік Лондондағы ең ірі әуежайында өрт болған еді.