Оның айтуынша, аталған қызметтерді онлайн форматқа көшіру жұмысы іс жүзінде аяқталған.
– Біз азаматтардың ХҚКО-ға жүгінуінің шамамен 79 пайызын құрайтын ең көп сұранысқа ие 10 қызметті онлайн форматқа көшіру жұмысын іс жүзінде аяқтадық. Қазір шетел азаматтарына қатысты бір қызметті онлайн форматқа ауыстыру мәселесі қаралып жатыр, – деді спикер.
Сонымен қатар тағы 12 мемлекеттік қызметті баламасыз форматқа көшіру жоспарланып отыр.
Бұл жағдайда азамат ХҚКО-ға келген кезде қызметті оператор арқылы емес, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында мамандардың консультациялық көмегімен алады.
Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді осындай форматқа көшіру ХҚКО операторларына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берген.
– Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығын өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, ХҚКО операторларына жүгіну саны шамамен 30 пайызға азайды, – деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар цифрландыруға байланысты ХҚКО қызметкерлері қысқартылмайтынын жазғанбыз.