«Шаршап жатқан жоқпыз. Қазір бірнеше кезекпен жұмыс істеудеміз. Жалпы, қызметкерлерге өте ыңғайлы жұмыс кестесі ұсынылып отыр. Кезекпен ауысып жұмыс істейміз, әрі түскі асқа арналған үзіліс бар»,-дейді қызметкер.
Оның айтуынша, уақытша тіркеуге тұру науқанына байланысты, ХҚКО-ларға келетін адамдар көбейген. Дегенмен, көп кезек жоқ, дейді Ж.Нұрғазина.
«Мен өзім күніне 40-50 адамды қабылдаймын. Үлгеріп жатырмын. Кезек көп емес, дегенмен, түскі үзіліс кезінде және кешкі сағат 17.00-ге қарай адам саны көбейеді»,-дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстандағы қалалардың барлығында халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты. Сағат 8.00-20.00 аралығында жұмыс істеу кестесіне көшкен ХҚКО-лар тізімін мына жерден оқи аласыздар.