ХҚКО-лар жыл басынан бері 10 млн-нан астам қызмет көрсетті - ККМ

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл басынан бері 10 миллионнан астам қызмет көрсетті. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін еліміздің ХҚКО 10 млн. астам қызмет көрсеткен», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, тұрғындар арасында  ең көп сұранысқа құжаттандыру мен азаматтарды тіркеу, мекенжай анықтамасын алу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық  сипаттамасы туралы анықтаманы алу, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтаманы алу қызметтері ие болып табылады.

Жалпы бүгінгі күнге дейін 249 ХҚКО жаңғыртылған. Оларда  жаңа бизнес процестер жүзеге асырылып, ғимараттарға жөндеу жұмыстары  жүргізілген, кедергісіз қызмет  көрсету, бірыңғай электрондық кезек енгізілген.