«Қазіргі уақытта біріктірілген жүйелердегі техникалық ақауларға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарынан мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкін болмай тұр» делінген «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ-ының Инстаграмдағы парақшасында.
Жүйе жұмысына жауапты «ҰАТ» АҚ мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
«Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ «бір терезе» арқылы 400-ден астам мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады.