ХҚКО уақытты үнемдеу үшін кезекке тұрудың онлайн жүйесін ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа қызмет көрсету орталығы клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында кезекке онлайн жүйесі арқылы тұру қызметін ұсынып отыр, деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметінен.

Онлайн қызмет көрсету тәртібі үш қадамнан тұрады. Қажет талаптарды орындаған соң , «Алдын ала келісу нәтижесі» туралы хабарлама алуға болады.

«Жаз мезгілінде ХҚКО-ға халық өте көп келеді. Ұсынылып отырған қызмет түрі клиенттерге ыңғайлы, адамдар ұзын сонар кезек күтіп тұруға енді мәжбүр болмайды», - дейді «ХҚКО» РМК бас директоры М.Айтуғанов. ХҚКО таратқан мәліметке сүйенсек, жаз маусымының 2 айында 300 000-дай адам орталық қызметіне жүгінген. М.Айтуғанов бұл көрсеткіш тамыз айында тіпті артатынын айтады. «Тамызда бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мекенжай анықтамасын алуға жүгінеді. Себебі, баланы мектепке қабылдау үшін осы анықтаманы ұсыну қажет болады, дәл осы кезде онлай кезекке тұру қызметінің керек екені анық», - деді ол. Бұл мүмкіндікті мына электрондық үкімет порталында іске асыруға болады. Аталған қызметті ХҚКО-да ғана емес, электрондық үкімет порталы арқылы үйдегі компьютер арқылы да жүзеге асыруға болады. Мекенжай анықтамасын алу да бірнеше минуттарға ғана созылады. Мекенжай анықтамасын қалай алуға болатындығы туралы ақпаратты мына жерде білуге болады.