Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері вице-министрден: «Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір үш тілде қызмет көрсетіледі. Олар - қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Енді оған қытай тілін қосып жатыр екен. Себебі не? Қытай мен Қазақстан арасындағы Президент қол қойған визасыз режимге байланысты ма? Әлде басқа себебі бар ма? Не үшін төртінші тіл ретінде басқа емес, дәл қытай тілі қосылып жатыр?» деп сұрады.
Бұл сауалға Әсет Тұрысов:
«Аталған ақпарат жалған екендігін айтқым келеді», - деп қысқа жауап берді.