Қосымша қазақстандықтарға нақты уақыт режимінде агенттікте көрсетілетін қызметті пайдаланушыларға ХҚКО-да, салық органдарында, ауруханаларда және басқа да мекемелердегі қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат беріп отырады.
Бірінші сатыда ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-да көрсетілетін қызметтерді бағалау қарастырылып отыр. Кейін агенттік осыны басқа қызмет көрсетушілерге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға таратады.
«Мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау критерийлерінде сыпайылық пен қызметшінің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және басқа бағалаулар қарастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау 5 баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Бұдан басқа, қосымша бағалау кезінде фото және видеоматериалдарды қосуға мүмкіндік береді» делінген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.
Азаматтар қосымша арқылы қандай да бір мәселені көтергеннен кейін, аталмыш қызметті көрсетушілерге түйткілді шешуге 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін мәселені шешуге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде агенттік қосылады.
Агенттіктің мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев атап өткендей, ведомство «постфактум» заңбұзушылықтарды мониторингілеуден азаматтардың проблемаларын барынша оперативті түрде шешуге көшеді.
Сонымен қатар, автоматтық режимде мемлекеттік қызметтер, аймақтар, мемлекеттік органдар және т.б. статистикалық деректер мен рейтингілер қаралып отырады.
Қосымшаны жетілдіру үшін азаматтардың ұсыныстары негізгі қолданушылар ретінде бақыланып отырады.