Лента.ру The Hollywood Reporter-ге сілтеме жасап хабарлағандай, тұсаукесерді өткізу орны туралы шешімді Warner Bros. компаниясы қабылдады. Таспа экранға 2012 жылдың 12 желтоқсанында шығарылады деп болжануда.
«Хоббитті» түсіру жұмыстары 2011 жылдың наурызынан бері Жаңа Зеландияда өтуде. Фильмнің басты кейіпкері - Бильбо атты хоббитті Мартин Фриман ойнайды. Гэндальфтің рөлін «Сақиналар әміршісі» трилогиясындағы сияқты Иэн Маккеллен сомдайды. Сонымен қатар, фильмге Кейт Бланшетт, Орландо Блум, Хьюго Уивинг, Элайджа Вуд, Кристофер Ли, Стивен Фрай, Энди Серкис, Иэн Холм және өзге де актерлер түспек.