«Коммерсанттың» арнаулы тілшісі Илья Барабанов твиттерде Марина Ходорковскаямен сөйлескенін жазған, ол Ресейде екенін айтқан. «ЮКОС-тың» бұрынғы басшысының адвокаттары өзінің клиентінің қайда екенін айтпады.
Бұдан бұрын, 20 желтоқсанда, жұма күні 2003 жылдан бері түрмеде отырған кәсіпкерге Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасаған болатын. Жарлық заңды күшіне енді. Күндіз адвокаттар Ходорковский жазасын өтіп жатқан карель колониясының бастығы оны босатқаны жөнінде хабардар еткенін мәлімдеді.