ХОК 2018 жылғы Олимпиадаға КХДР спортшыларын тіркеу мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) КХДР спортшылары үшін 2018 жылғы Ойындарға тіркеу мерзімін ұзартты.

Бірақ қай күн екендігі айтылмай отыр.  Әзірше олимпиадаға жалғыз жолдаманы жұптық мәнерлеп сырғанаушылар -  Тхэ Ок Ем мен Чу Сик Ким жеңіп алды, деп хабарлайды ТАСС. Олимпиадалық ойындарға іріктеуден тағы бірнеше атлет өтуі мүмкін, .

Айта кеткен жөн, Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы келіссөз 9 қаңтар күні сағат жергілікті уақытпен 10-да басталады.

Олимпиадалық  ойындар Пхёнчханда 2018 жылы 9 ақпан мен 25 ақпан аралығында өтеді.