ХОК АҚШ-тың Олимпиада комитетіне медальді қайтарып беру туралы сұрау жолдаған. Халықаралық заңға сәйкес, команданың бір мүшесі допинг қолданған болса, барлық команда жүлдеден қағылады. Бұған дейін хабарланғандай, үш дүркін әлем чемпионы Тайсон Гэй тыйым салынған препаратты қолданғаны үшін бір жылға сайыстардан шеттетілген болатын. Енді, күміс алқа сол кезде қолаға қол жеткізген Тринидад және Тобаго командаларына тиесілі болса, қола жүлде Франция атлеттерінің уысына түсті.
09:12, 14 Мамыр 2015
ХОК АҚШ құрамасынан олимпиада жүлдесін қайтарып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті 2012 жылы 4х100 метрге жүгіру эстафетасында күміс медальға ие болған АҚШ-тың ерлер командасынан сайысқа қатысушының біреуі допинг қолданғаны үшін жүлдені қайтарып алу туралы шешім қабылдады, деп жазады Би-Би-Си.