Твиттерде Алматы 85 дауыстан 40 дауыс жинаса, Бейжің 44 дауыс жинағаны, ал бір қатысушының қалыс қалғаны хабарланған.
Еске салсақ, XXIV қысқы Олимпиада және XIII Паралимпиадалық ойындар 2022 жылы Бейжіңде өтеді. ХОК мүшелері дауыс беру арқылы бұл Олимпиаданы өткізу орнын Бейжің қаласы деп айқындады. Осылайша 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында бүкіл әлемнің қысқы спорт түрлері жанкүйерлерінің назары Қытай астанасына ауады.