«Біз WADA-ны қатты сынға алдық, бұдан әрі де солай болып қала бермек. Олар халықаралық зертханалардағы (Мәскеу, Сочи, Гоморрда) болып жатқан дауларға жауапты. Олар тиімді жұмыс істеуі қажет еді. Біз допингке қарсы жүйені қайта құрып, оны спорт әлеміне тәуелсіз етеміз, бұл өте күшті қарсылыққа тап келеді», - деді кіші Самаранч.
WADA-ның допингке қарсы жүйесін толығымен қайта қарау 2017 жылғы допинг жөніндегі кезектен тыс халықаралық конференцияда талқыланады. 8 қазанда Лозаннадағы Олимпиада саммитінде осы бағытқа қатысты жаңа ұсыныстар көтеріледі. Атап айтқанда ол спорт ұйымдарына тәуелсіз допингке қарсы ұйымдарды құру жөнінде болмақ.