ХОК басшысы: Ауғанстандағы жарылыс - бұл спортқа жасалған шабуыл

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы волейбол жарысында болған лаңкестік әрекет жалпы спортқа деген шабуылды білдіреді, деп мәлімдеді Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах.

"Бұл әлемдегі бейбітшіліктің нығаюын көздейтін спортқа деген шабуыл".

Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында волейболдан жарыс өтіп жатқан кезде жарылыс болған.

Соңғы деректерге қарағанда, жанкештілер жасаған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетіп, жапа шеккендердің саны 60-қа дейін артқан.