ХОК олимпиадалық саммиттің уақытын хабарлады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті жоғары деңгейдегі Олимпиадалық кездесуді Лозаннаға, 21 маусымға шақырды. Бұл туралы бейсенбіде таратылған мәлімдемеде айтылды.

«2016 жылы Риодағы Олимпиадалық ойындар қарсаңында олимпиадалық саммит спортшылардың біліктілік талаптарға сәйкестігі мен ойынға қатысуына бірінші шешім қабылдайтын халықаралық федерация арасындағы тәсілді үйлестіріп, келісетін болады. Тақылауда ұжымдық жауапкершілік пен жеке әділдік арасындағы күрделі шешім қабылдануы тиіс», - делінген хабарламада.

Олимпиадалық саммит олипиадалық қозғалыстың жетекші өкілдерін қамтиды. Шара қызығушылық тудыратын, олимпиадалық қозғалысқа жататын маңызды тақырыптар бойынша тұрақты алаң мен консультацияның құрамдас бөлігі. Саммитке ХОК вице-президенттері мен Олимпиадалық қозғалысқа кіретін бас ұйымдар президенттері қатысады.