«Халықаралық Олимпиада комитеті басшысының уақытының қысқалығына қарамастан, Қазақстанға келуі біз үшін маңызды үлкен оқиға. Біздің болашақтағы Олимпиада ойындарын қабылдау әлеуетімізге үлкен баға беруі зор қуаныш. Сондықтан біздің Олимпиада өткізуге деген ынтамыз өте жоғары», - дейді Павел Новиков.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Жак Рогге мырзаға баяндаған. Алда әлі де атқарылатын жұмыстың да көп екенін де тілге тиек еткен көрінеді. Оның айтуынша, осы беделді спорт ұйымының қолдауымен Қазақстанның алдағы уақытта әлемдік үлкен-үлкен спорт додаларын өткізуге мүмкіндігі бар. Осы бағытта ХОК-пен болашақта ынтымақтастықта табысты жұмыс істеуге үмітті болып отыр.
13:03, 01 Ақпан 2011
ХОК Президенті біздің болашақтағы Олимпиада ойындарын қабылдау әлеуетімізге үлкен баға берді - ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біздің Олимпиада ойындарын өткізуге деген ынтамыз өте жоғары. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің Алматыға келуіне орай өткізілген өткізілгн баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков осындай ой айтты.