ХОККЕЙ-ӘЧ: Ресей құрамасы финалда финдерден ұтылып қалды
04:20, 06 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің хоккейден жасөспірімдер құрамасы Хельсинкидегі әлем чемпионатында финалдық ойында Финляндия қомандасынан 3:4 есебімен ұтылып, күмісті қанағат тұтты.
Жеңіске жеткізген шайбаны чемпионат қожайындары обертаймда салды.
Қола медаль АҚШ командасына бұйырды. Олар үшінші орын үшін болған матчта Швеция құрамасынан 8:3 есебімен басым түсті.