ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия, Тайбэй және Мексика командаларымен тартысқа түседі. Аталған турнирге қатысатын Қазақстан командасының құрамы жасақталды.
Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана).
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо»).
Қорғаушылар: Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо»).
Бас бапкер - Александр Тебеньков.