Хоккей: Әлем чемпионатының іріктеу сынына қатысатын әйелдер құрамы жасақталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Хоккейден әйелдер құрамасының бас бапкері Александр Мальцев 2017 жылғы Әлем чемпионатының  іріктеу турниріне шақырту алған жаңа құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші дивизонның «В» тобында сынға түсетін Қазақстан құрамасына шақырту алған хоккейшілер:

Қақпашылар: Дарья Дмитриева («Торпедо»), Айжан Раушанова, Татьяна Глазкова (екеуі де - «Айсұлу»)

Қорғаушылар:  Ксения Бушуева, Ажар Хамиммульдинова, Татьяна Лихаус, Ғалия Нұрғалиева, Ольга Конышева, Александра Феклистова, Екатерина Скобелкина, Аида Олжабаева (барлығы -«Айсулу»)

Шабуылшылар: Мадина Тұрсынова, Пернеш Әшімова, Малика Алдабергенова, Алена Фукс, Арай Шегебаева, Зарина Тухтиева, Меруерт Рыспек, Карина Фельзинк, Татьяна Королева, Дария Молдабай (барлығы - «Айсулу), Бұлбұл Қартанбаева, Анастасия Орлова (екеуі де - «Томирис»).