НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыстың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, клуб пен А.Скабелка келісімшартты ұзарту жөнінде келісе алмаған.
Андрей Скабелкамен келісімшарт биылғы 30 сәуірде бітеді.
Осылайша «Барыс» хоккей клубы жаңа бапкер іздеуге кіріседі.
Беларусь маманы А.Скабелка мен оның бапкерлік штабы «Барыста» екі маусым бойы жұмыс жасап, айта қаларлықтай табысқа қол жеткізді.
Елордалық клуб ҚХЛ-да өнер көрсеткеннен бері үздік нәтижелерімен көріне білді. «Барыс» екі мәрте Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші айналымына өтті.
Еске сала кетейік, биыл «Барыс» плей-оффтың жартылай финалына шыққанымен, коронавирусқа байланысты оған қатысудан бас тартқан болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).