Хоккей: Астанада 3 ел құрамаларының қатысуымен халықаралық турнир өтеді
Айта кетейік, дүбірлі дода тұңғыш мәрте рет өткізіледі. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь құрамалары қатысады.
Турнир биылғы әлем чемпионатына дайындық есебінде жүргізіледі. Ол 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияда болады.
Алғашқыда турнирге төрт құрама қатысады деп жоспарланған еді. Әлемде коронавирус инфекциясынан қалыптасқан жағдайға байланысты олардың біреуі жарысқа келуден бас тартты. Сондықтан бұл құраманың орнын еліміздің екінші құрамасы толықтырды. Екінші құрама тек көрнекі ойындар өткізеді.
Матчтар Қазақстан аумағында отандық телеарналарда көрсетіледі. Сонымен қатар, Шайбалы хоккейден ҚР федерациясының Youtube-каналында онлайн эфир болады.
Ойындар кестесі:
10 ақпан, 19:30, Беларусь - Қазақстан;
11 ақпан, 19:30, Ресей - Беларусь;
12 ақпан, 15:30, Қазақстан 2 - Беларусь (көрнекі ойын);
12 ақпан, 19:30, Қазақстан - Ресей;
13 ақпан, 17:00, Ресей - Қазақстан 2 (көрнекі ойын).