НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден павлодарлық «Ertis» және өскемендік «Торпедо» командалары арасындағы кездесу кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жөнінде павлодарлық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл шешім Павлодар қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданып отыр. Ауа райына байланысты ескерту Өскеменде де хабарланған.
Соған байланысты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кез келген көлік құралының өңірден тыс жерлерге шығуына тыйым салынған. Осыған байланысты «Ertis» пен «Торпедо» командаларының Өскеменде 5-6 қаңтарда өткізілуі жоспарланған ойындары кейінге шегерілді.
Бұл шешім екі облыстың полиция департаменттері, еліміздің хоккей федерациясы және клубтардың келісімі негізінде қабылданды. Аталған ойынның өтетін күні жақын арада қосымша хабарланатын болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.