АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шайбалы xоккейден қыздар арасында ел чемпионы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке сүйенсек, кеше «Томирис» - «Торпедо» және «Айсұлу» - «Горняк» командалары кездесті.
Бірінші жұптан астаналық «Томирис» үздік шығып, күміс жүлдені олжалады. Ал екінші матчта «Айсұлу» қарсыластарын 15:0 есебімен ойсырата ұтып, ел чемпионы атанды.
Айта кетсек, алматылық «Айсұлу» командасының ойыншылары хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізін құрайды. Сондай-ақ, Александр Мальцевтің шәкірттері - Қазақстанның 13 дүркін чемпионы.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.