Хоккей: «Барыс» бүгін «Адмирал» командасымен кездеседі

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 13 ақпанда елорда уақытымен сағат 15:20-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Оның 18-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Турнир кестесінде «Барыс» 61 ойыннан кейін 46 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Адмирал» 61 ойыннан кейін 49 ұпаймен 19-орында келеді.

Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның барлығында қарсыластарына есе жіберді.

Бұл кездесуден кейін қазақстандық ұжым тағы бір ойынын 14 ақпанда Ресейде «Адмирал» командасымен өткізеді.