Хоккей: «Барыс» бүгін елордада «Амур» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы халықаралық Болашақ кубогы турниріне қатысады. Аталған сайыс 7 және 11 ақпан күндері Беларусь астанасы Минск қаласында өтеді.
Қазақстандық хоккейшілер Ресейдің 16 және 17 жастағы жасөспірімдері, Беларусьтің 20 жастағы жастар құрамаларымен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, хоккейшілер кубок ойындарында 3х3 жүйесі бойынша сайысқа түседі.
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин аталған турнирге төмендегі ойыншыларды шақырды:
Қақпашылар: Владимир Истомин (АКМ-Юниор, Тула, МХЛ), Руслан Какенов («Ястребы», Орал)
Қорғаушылар: Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин, Егор Шимин (барлығы - Снежные барсы», МХЛ), Глеб Лукавенко («Красноярские рыси», Красноярск, МХЛ)
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Арыстан Әмірханов, Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Егор Левковец, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Асанәлі Саркенов, Семен Симонов (барлығы – «Снежные Барсы», МХЛ) Владимир Корчагин («Барыс-2005»), Данила Пиниди («Бербарыс», Атырау).
Еске салсақ, отандық хоккей тарихындағы алғаш рет ауыл балалары Астанада бақ сынайды.