Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу бүгін, 7 желтоқсан күні, сағат 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 53 мәрте кездесті.
Оның 23-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 39 ойыннан кейін 31 ұпаймен 22-орында тұр.
Aл «Сибирь» 40 ойыннан кейін 41 ұпаймен 14-орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы алты кездесуде қазақстандық команда жеңіске жете алмай жүр.
Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.