Хоккей: «Барыс» алдағы екі кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы биылғы соңғы екі ойынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда 26 желтоқсанда Ресейде «Авангард» (Омбы), 28 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен кездеседі.

Жақында команда құрамына қосылған Александр Борисевич екінші кездесуге қатысуына мүмкіндігі бар. Медициналық тексеруден өтуі тиіс. Ал Майкл Шапю денсаулығына байланысты екі ойынға қатыса алмайды.

«Барыс» командасының алдағы екі ойынға қатысатын тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Юлиус Гудачек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Иван Мищенко, Юрий Сергиенко.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Джереми Бракко, Линден Вей, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Автомобилисттен» басым түсті.