Хоккей: «Барыс» «Автомобилист» командасынан жеңіліп қалды
Ойынның бірінші кезеңі аса тартысты өтті. Командалар бірден төрт шайба соғып үлгерді. Оның үшеуі «Барыстың» еншісіне бұйырса, біреуін ресейлік команда хоккейшілері соқты.
Қазақстандық Никита Михайлис небәрі 1-минутта есеп ашса, 5-минутта Егор Петухов есепті үстемелей түсті.
Ал «Автомобилист» хоккейшісі Ник Эберт 12:37-де есіп айырмасын қысқартса, арада небәрі 14 секунд өткенде елордалық командадан Энтони Луис басымдықты арттыра түсті.
Одан кейін «Автомобилист» сапынан Виктор Неучев 28, Павел Куликов 53-минуттарда гол соғып, таразы басын теңестірді.
Негізгі кезеңі 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клуб жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:4 есебімен жол берді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 30 қарашада Ресейде «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, «Барыс» елордада «Спартактан» жеңілді.